Accessibility links

Порошенко Саакашвилиге қатысты петицияны қарайды


Украина президенті Петр Порошенко (сол жақта) мен Одесса облысының губернаторы Михаил Саакашвили. Киев, шілде 2015 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко (сол жақта) мен Одесса облысының губернаторы Михаил Саакашвили. Киев, шілде 2015 жыл.

Украина президенті Петр Порошенконың атына жазылған Грузияның бұрынғы президенті, қазір Одесса облысының губернаторы Михаил Саакашвилиді премьер-министр етіп тағайындау туралы петицияға 26 мыңға таяу адам қол қойды. Президент петицияның қарауы үшін оған кемінде 25 мың адам қол қоюы тиіс.

1 қыркүйекте түзілген петиция Украина президенті сайтында ілінген. Онда Саакашвилиді Украина премьер-министрі етіп тағайындау туралы талап қойылып, оған елде реформа жасауға мүмкіндік беруді сұраған. Порошенко енді петицияны он жұмыс күні ішінде қарап, жауабын айтуы тиіс.

Бұған дейін Саакашвили интернетте видео үндеу жариялап, онда үкіметті Украинада коррупциямен және бюрократиялық кедергілермен шынайы күрес бастауға, реформалар жасауға кедергі келтірмеуге шақырған. Саакашвили министрлер кабинетіне олигархтар ықпал етеді деп санайды.

Саакашвили бұған қоса видео үндеуінде Украина премьер-министрі болғысы келмейтінін де айтқан.

XS
SM
MD
LG