Accessibility links

Душанбе генерал Назарзодаға ресми айып тақты


Тәжікстанның бұрынғы қорғаныс министрі, генерал Абдухалим Назарзода.

Тәжікстанның бұрынғы қорғаныс министрі, генерал Абдухалим Назарзода.

Тәжікстан билігі өткен аптадағы шабуылдардан соң қызметінен алынған бұрынғы қорғаныс министрінің орынбасары Абдухалим Назарзодаға бірнеше айып тақты.

Тәжікстан бас прокуратурасы 8 қыркүйекте Назарзодаға "мемлекетке сатқындық жасады", "террорлық шабуыл жасады", "экстремистік топ құрды" деген айыптар тақты.

Қауіпсіздік күштері Назарзода мен оның серіктерін Душанбеден шығысқа қарай 150 километр қашықтықтағы Ромит шатқалынан іздеп жатқанына бірнеше күн болды.

Қыркүйектің 4-і күні таңертең Тәжікстан қорғаныс министрлігінің орталық аппараты мен Душанбеден 20 шақырымдай жердегі Вахдат қаласында ішкі істер бөліміне жасалған қарулы шабуылдар салдарынан 9 милиция қызметкері мерт болған. Тәжікстан билігі бұл шабуылдарға Абдухалим Назарзоданы айыптап отыр. Шабуыл болған күні күні президент Эмомали Рахмон Назарзоданы қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатқан.

Ромит шатқалында жүріп жатқан операция барысында ресми мәлімет бойынша "қарулы топтың" 17 мүшесі оққа ұшып, ондаған өкілі ұсталған.

XS
SM
MD
LG