Accessibility links

"Бәйтерек": Мемлекеттік тұрғын үй жоспармен салына береді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

"Өңірлерді дамыту-2020" бағдарламасы аясында салынатын тұрғын үйлердің құрылысы тоқтамайды және жоспар бойынша жалғаса береді деп хабарлады Азаттыққа «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің баспасөз қызметі.

"Бәйтерек" холдингі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, "Өңірлерді дамыту-2020" бағдарламасы бойынша бекітілген тұрғын үй құрылыстары тоқтамайды және қысқармайды. Үкімет шешімімен жасалған жоспар бойынша тұрғын үй құрылысы жалғаса береді.

Холдинг президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрылыстарды азайту, қаржыны үнемдеу туралы тапсырмалары "Өңірлерді дамыту-2020" бағдарламасымен салынатын тұрғын үй құрылыстарына қатысы жоқ екенін де жеткізді.

"Өңірлерді дамыту-2020" бағдарламасы бойынша Қазақстанда 2015 жылы 7 миллион 200 мың шаршы метр, 2016 жылы 7 миллион 600 мың шаршы метр, 2017 жылы 7 миллион 700 мың шаршы метр, 2018 жылы 8000 миллион шаршы метр, 2019 жылы 9000 миллион шаршы метр баспана салу жоспарланған.

Осыған дейін денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Азаттыққа елдегі қаржылық қиындықтарға байланысты 2018 жылға дейін жаңа медициналық нысандар салынбайтынын мәлімдеген.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тамыздың басында Астанада өткен биліктегі «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің бюро отырысында үкімет пен әкімдерге қаржыны «қатаң үнемдеуді» тапсырған еді.

XS
SM
MD
LG