Accessibility links

Бүгін «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру (ҚМГ БӨ) компаниясы компанияның басқарма төрағасы ауысқанын хабарлады. Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, директорлар кеңесі басқарма төрағасы Абат Нұрсейітовтің басқа қызметке ауысуына байланысты компанияның басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі ретінде өкілеттігін тапсыру туралы өтінішін қанағаттандырған.

Жаңа бас директордың кандидатурасы әзірге белгісіз. Оның міндетін уақытша атқару бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дастан Абдулғафаровқа жүктелген.

Абат Нұрсейітов «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру компаниясы бас директоры міндетін 2013 жылдың қаңтарынан бастап атқарған.

XS
SM
MD
LG