Accessibility links

БҰҰ: Украинада 8 мыңға таяу адам қаза тапқан


Донецк облысында бекіністе тұрған украин сарбазы. Украина, шілде 2015 жыл.

Донецк облысында бекіністе тұрған украин сарбазы. Украина, шілде 2015 жыл.

БҰҰ Украина шығысындағы қақтығыстардан кемінде 7 мың 962 адам қаза тауып, 17 мың 811 адам жараланған деп хабарлады.

"Бұл нақтыланған сан, ал шын мәніндегі құрбандар саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін" деп мәлімдеді 8 қыркүйекте БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі.

Украинаның Донецк мен Луганск облыстарында үкіметі әскері мен Ресей қолдайтын сепаратистер арасындағы қақтығыс 2014 жылдың сәуірінде басталған.

Биыл ақпанда Минскіде қақтығыстыт оқтату туралы келісім жасалғанымен, ол соңғы кезге дейін жиі бұзылып келді.

XS
SM
MD
LG