Accessibility links

Ресей ЕО-ны мигранттарға қатысты сынады


Рсеей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (оң жақта) Еуропа комиссиясының вице-президенті Кристалина Георгиевамен кездесіп тұр. Мәскеу, 8 қыркүйек 2015 жыл.

Рсеей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (оң жақта) Еуропа комиссиясының вице-президенті Кристалина Георгиевамен кездесіп тұр. Мәскеу, 8 қыркүйек 2015 жыл.

Ресей Еуропа Одағының мигранттар мәселесін шешу саясатын сынап, одақты "қақтығыстарды өршітіп, босқындар ағынын тудырды" деп айыптады.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров бүгін Мәскеуде "Әділеттілік қақтығыстарға себепкер болған елдерден мигранттарға гуманитарлық көмек беріп қана қоймай, үлкен жауапкершілік арқалауды міндетті түрде талап етеді" деп мәлімдеді.

Еуропа комиссиясының вице-президенті Кристалина Георгиевамен кездесуде Лавров ЕО-ның "мигранттарға қаржы бөлу сияқты механикалық әдіс қолдануы" мәселені шешпейтінін айтты.

Биыл жаздан бері ЕО елдері Таяу Шығыс пен Африка елдеріндегі қақтығыстар мен экономикалық қиындықтардан қашып келген мигранттар тасқынына тап болған.

Ресей бұрын АҚШ бастаған коалицияның Иракқа басып кіруіне, Батыс елдерінің Ливия президенті Муаммар Каддафиді биліктен құлатуға жәрдемдесуіне Сириядағы көтерілісшілерді қолдауына қарсылық танытқан.

XS
SM
MD
LG