Accessibility links

Болгария Ресей әскери ұшақтарының ұшуын шектеді


Ресейдің әскери жүк ұшағы. (Көрнекі сурет)
Ресейдің әскери жүк ұшағы. (Көрнекі сурет)

Болгария Ресейдің Сирияға ұшақпен жүк жеткізу үшін әуе кеңістігін кесіп өтуін сұраған өтінішін қанағаттандырмады.

Болгария сыртқы істер министрлігі өкілінің 8 қыркүйекте мәлімдеуінше, София Ресей әскери жүк ұшақтарындағы жүкке қатысты күмәнданып, өз әуе кеңістігінен ұшуына рұқсат етуден бас тартқан. Ол мұндай шешім соңғы бірнеше күнде қабылданғанын айтады.

Бұған дейін Грекия сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Ресей әскери ұшақтарының Сирияға әскери жүк жеткізу үшін Грекия территориясы арқылы ұшуына тыйым салу өтінішін қарастырып жатқанын хабарлаған.

Соңғы аптада кейбір ақпарат құралдары мен дерек көздері Ресей Сирия президенті Башар Асад билігіне әскери қолдауын күшейтті деген ақпараттар таратқан.

Ресей президенті Владимир Путин 4 қыркүйекте Ресей "Сирияға техника жеткізіп, сарбаздарын дайындықтан өткізіп, қарумен қамтамасыз етіп келе жатқанына көп уақыт болғанын" мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG