Accessibility links

Қырым татарлары наразылық акциясын өткізбек


Қырым татарларының жетекшілері Рефат Чубаров (сол жақта) пен Мустафа Джемилев. Киев, 8 қыркүйек 2015 жыл.

Қырым татарларының жетекшілері Рефат Чубаров (сол жақта) пен Мустафа Джемилев. Киев, 8 қыркүйек 2015 жыл.

Қырым татарларының жетекшілері түбектің Украинамен шекарасында қыркүйектің соңында наразылық акциясын өткізетіндерін мәлімдеді.

Қырым татарларының өзін-өзі басқару органы - Меджилис басшысы Рефат Чубаровтың 8 қыркүйекте Киевте мәлімдеуінше, татар белсенділері қыркүйектің соңында жолдар мен бақылау-өткізу бекеттерін жауып, Украина тауарларын Қырымға кіргізбейді. Ол наразылық акциясының нақты қай күні өтетінін келесі аптада хабарлайтынын айтты.

Ал Қырым татарларының жетекшісі Мустафа Джемилев украин кәсіпкерлерінің тауарларын Қырым арқылы Ресейге жіберуін сынады. Киім-кешек пен ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы Украинадан гөрі Ресейде қымбаттау.

Джемилев кәсіпкерлердің бұл әрекеті Украина билігінің Қырымға қатысты саясатына қайшы келеді деп санайды. Ол Қырым татарларының жетекшілері бұл мәселені талқылау үшін келесі аптада Украина президенті Петр Порошенкомен кездесетінін де айтты.

XS
SM
MD
LG