Accessibility links

RWB Азаттық тілшісінің тағдырына алаңдаушылық білдірді


Азаттықтың Түркімен қызметінің тілшісі Сапармамед Непескулиев.

Азаттықтың Түркімен қызметінің тілшісі Сапармамед Непескулиев.

«Шекарасыз тілшілер» (Reporters Without Borders) халықаралық ұйымы Азаттықтың Түркімен қызметінің тілшісі Сапармамед Непескулиевтің тағдырына алаңдаушылық білдірді.

Ұйым мәлімдемесінде тілшімен екі айдан бері байланыс жоқ екенін айтып, ресми Ашхабадтан тілші туралы толық ақпарат беруді сұраған.

Ұйым түркімен билігінен Непекулиевке тағылған айыптар туралы түсінік беруді және тілшіні қамаудан босатуды талап еткен.

Сапармамед Непескулиевтің туысқандары 31 тамызда сот журналисті үш жылға соттау туралы үкім шығарған дейді. Бірақ ел билігі ондай хабарды ресми түрде растаған жоқ.

Азаттықтың Түркімен қызметінің тілшісі 35 жастағы Сапармамед Непескулиев шілдеде Каспий теңізі маңындағы Авазы қаласына барған кезінде жоғалып кеткен. Кейін туысқандары оның Авазы маңындағы Акдаш ауылында түрмеде отырғанын анықтаған. Абақты басшылығы Непескулиевтен «есірткі заттары табылғаннан кейін қамауға алғандарын» айтқан.

XS
SM
MD
LG