Accessibility links

Алмат Кебісбаев грек-рим күресінен әлем жарысында қола алды


Балуан Алмат Кебіспаев.
Балуан Алмат Кебіспаев.

Грек-рим күресінен қазақстандық балуан Алмат Кебісбаев Лас-Вегас (АҚШ) өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль алды.

59 килограмда белдескен ол алдымен польшалық Михаил Трацты (6:0), египеттік Хэйхэм Махмудты (7:6), үшінші белдесуде - норвег Стиг Берге Андрені (6:0), сосын ширек финалда - болгариялық Иво Ангеловты (4:3) жеңіп жартылай финалға шыққан. Алайда бұл кезеңде кубалық балуан Исмаил Борреро Малинодан жеңілді. Ал қола медаль үшін белдесуде Алмат Кебісбаев беларусь Сослан Дауровты жеңді. Қазақстандық балуан әлем чемпионатының қола медалімен қоса келер жылы өтетін Рио олимпиадасына да жолдама иеленді.

Алмат Кебісбаев бұған дейін 2010 жылғы әлем чемпионатында және 2011 жылғы әлем біріншілігінде қола медаль алған.

Лас-Вегастағы әлем чемпионатының бірінші күні қазақстандық балуан Досжан Картиков та қола медаль иеленген.

Күрес түрлерінен әлем чемпионаты 12 қыркүйекте аяқталады.

XS
SM
MD
LG