Accessibility links

KASE күндізгі сессиясында доллар 245,23 теңге болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бүгін Қазақстан қор биржасындағы таңертеңгі сауда нәтижесінде бір АҚШ долларының бағамы 245,23 теңгені құрады.

Кеше, 8 қыркүйекте биржадағы таңертеңгі сауда сессиясы бір доллардың бағамы 245 теңге болып аяқталған.

Өткен апта доллар бағамы 234,94 теңге болып басталған еді. Бірақ, аз уақыттың ішінде оның бағамы 238,68 теңгеге дейін өсті.

Қазақстан үкіметі тамыздың 20-сы күні ұлттық валюта бағамының ауытқу шегін алып тастаған соң Қазақстан теңгесі бір күнде шамамен 30 пайызға құнсызданып, бір АҚШ долларының бағасы 198 теңгеден 255 теңгеге дейін қымбаттап кеткен еді. Кейін Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 218,61 теңгеге дейін төмендеген.

XS
SM
MD
LG