Accessibility links

БҰҰ өкілі Әзербайжан билігін сынады


БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссары Зейд Раад ал-Хусейн.
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссары Зейд Раад ал-Хусейн.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Зейд Раад әл-Хусейн Әзербайжан билігінің азаматтық қоғамға қарсы іс-әрекеттерін сынады.

8 қыркүйекте таратқан мәлімдемесінде ол Әзербайжанда журналистерді, қоғамдық белсенділер мен құқыққорғаушыларды билік тарапынан қуғынға салу мен қорқытып-үркіту жалғасып жатқанын айтқан. Әл-Хусейн Бакуді бұған дейін өзінің сөз бостандығын, еркін жиналып, бірігу құқығын пайдаланбақ болғаны және өзгелердің құқықтары мен бостандықтарын қорғамақшы болғаны үшін қамауға алынған журналистер мен құқыққорғаушыларды дереу босатуға шақырған.

1 қыркүйекте Баку соты Азаттықтың Әзербайжан қызметінде журналистік зерттеумен айланысқан журналист Хадиджа Исмаилды жеті жарым жылға соттаған. Құқыққорғаушы ұйымдар журналистке тағылған айыптарды оның Әзербайжанда жоғары лауазымды тұлғалардың коррупцияға қатысы туралы жазған мақалаларына биліктің жауабы деп санайды.

XS
SM
MD
LG