Accessibility links

Айымбетовтің Жерге оралатын уақыты айтылды


Айдын Айымбетов "Союз ТМА-16М" ғарыш кемесінде. 2 қыркүйек 2015 жыл.

Айдын Айымбетов "Союз ТМА-16М" ғарыш кемесінде. 2 қыркүйек 2015 жыл.

Ресей орталық әскери округының әскери-транспорттық авиациясы «Союз ТМА-16М» ғарыш кемесін күтіп алу үшін Қазақстанға келді.

Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ғарыш кемесі сенбі, қыркүйектің 12-і күні Астана уақыты бойынша сағат 6:52-де Жезқазғаннан 140 километрдей қашықтыққа қонады деп жоспарланып отыр.

Бұл шараға 200 әскери маман, арнайы жабдықталған 14 тікұшақ және төрт ұшақ қатысады.

Қазақ ғарышкері Айдын Айымбетовпен бірге даниялық астронавт Андреас Могенсен де Жерге оралады. Ал ресейлік ғарышкер Сергей Волков халықаралық ғарыш станциясында жұмысын жалғастырады.

Бұл үшеуі «Союз ТМА-18М» кемесімен Байқоңырдан ғарышқа 2 қыркүйек күні ұшқан.

XS
SM
MD
LG