Accessibility links

Алматыда ДСҰ кеңсесін ашу келісімі мақұлданды


Парламент мәжілісі, Астана. (Көрнекі сурет)

Парламент мәжілісі, Астана. (Көрнекі сурет)

Мәжіліс депутаттары бүгін Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету кеңсесін ашу туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасын мақұлдады.

Жоспар бойынша, кеңсе ДСҰ-ның Еуропадағы мүше елдерінің медициналық көмек көрсету жүйесінде зерттеулер жүргізіп, ұсыныстар жасаумен айналысады. Қазақстан денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі кеңсе жұмысы ауылдардағы медицина сапасы мен оған қолжетімділікті жақсартуға септеседі дейді.

Қазақстанда ДСҰ-ның алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету кеңсесін ашу туралы шешім 2013 жылдың қыркүйегінде қабылданған. Ал Қазақстан үкіметі мен ДСҰ арасында бұл жөнінде келісімге өткен жылы қол қойылған. Кеңсе келісім мақұлданғаннан соң жұмыс істей бастайды.

XS
SM
MD
LG