Accessibility links

Ашғабад елге визасыз кіру тәртібін уақытша шектеді


Түркіменстан-Өзбекстан шекарасы. (Көрнекі сурет)

Түркіменстан-Өзбекстан шекарасы. (Көрнекі сурет)

Түркіменстан өз территориясына шетелдіктердің жеңілдетілген тәртіппен кіруіне уақытша шектеу қойды деп хабарлады Маңғыстау облыстық мемлекеттік кіріс департаментіне сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер.

Ашғабат бұл шешімді Түркіменстан президентінің шекаралас аудандарға сапарлап баруымен және шекарада қауіпсіздік шараларының күшеюімен байланыстырады. Түркіменстанға жеңілдетілген тәртіппен кіретін шетелдіктер бұл елге 12 қыркүйекке дейін бара алмайды.

Маңғыстау облысы тұрғындары Түркіменстанның шекаралас Балкан уәлаятына визасыз кіріп, бес күнге дейін бола алады. Бес күннен асатын жағдайда Маңғыстау облысы тұрғындары виза алуы қажет.

XS
SM
MD
LG