Accessibility links

Астана: Мұнай мен газ өндіру көлемі азаюы мүмкін


Атырау облысындағы мұнай өнімдерін сақтау резервуарлары. (Көрнекі сурет)

Атырау облысындағы мұнай өнімдерін сақтау резервуарлары. (Көрнекі сурет)

Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин бүгін Қазақстанда 2016 жылы мұнай мен газ өндіру көлемі 4,3 пайызға төмендеуі мүмкін екенін мәлімдеді. Астанада өткен брифингте Қарабалин өндіру көлемінің азаюы әлемде мұнай бағасының арзандауына байланысты деп түсіндірді. Ол мұнайдың бір баррелінің бағасы 70 АҚШ долларына дейін арзандаса, онда жылына өндірілетін мұнай көлемі 73 миллион тоннаға дейін азаятынын айтты.

"Интефакс" агенттігінің үкіметтің 2016-2018 жылдарға арналған бюджет жобасына сілтеме жасап хабарлауынша, үкімет 2016 жылы болжам бойынша мұнай бағасы барреліне 40 долларды құрап, жылына 77 миллион тонна мұнай өндірілген жағдайда ұлттық қорға мұнай-газ секторынан 1 триллион 63 миллиард теңге деп жорамалдайды.

Ал биыл өндірілетін мұнай көлемі 80 миллион тонна шамасында болады деп болжанған.

Қарабалин бұған қоса биыл өткен жылғымен салыстырғанда газ өндіру көлемі 1,7 пайызға азаюы мүмкін екенін хабарлады.

XS
SM
MD
LG