Accessibility links

Ресей Сирияда әскери мамандары барын мойындады


Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова.

Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова.

Ресей сыртқы істер министрлігі Сирияда ресейлік әскери сарапшылар жұмыс істеп жатқанын мойындады.

Министрліктің баспасөз хатшысы Мария Захарованың 9 қыркүйекте мәлімдеуінше, әскери сарапшылар Ресей қару-жарағын Сирияға жеткізуге көмектеседі. Мәскеу Сирияға қару-жарақты "терроризммен күресу үшін" жөнелтетінін айтады.

Захарова бұған қоса АҚШ-тың Грекия мен Болгариядан әуе кеңістігінен Ресей ұшақтарының Сирияға қарай ұшуына тыйым салуды сұрауын "халықаралық деңгейдегі арсыздық" деп атады.

Бірер күн бұрын Вашингтон "Ресей Сирияға қосымша әскери қызметкер мен ұшақтар жіберген болуы мүмкін" деген ақпрааттарға алаңдаушылық білдірген.

Ақ үй баспасөз хатшысы Джош Эрнест Ресейдің Сирияға әскери қолдау көрсетуі АҚШ бастаған коалицияның "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қарсы жасап жатқан әуе шабуылдарына "қайшы келуі мүмкін" екенін ескертті.

XS
SM
MD
LG