Accessibility links

Еуропа комиссиясы мигранттарды бөлу жоспарын ұсынды


Еуропа комиссиясы төрағасы Жан-Клод Юнкер еуропарламентте сөйлеп тұр. Страсбург, 9 қыркүйек 2015 жыл.
Еуропа комиссиясы төрағасы Жан-Клод Юнкер еуропарламентте сөйлеп тұр. Страсбург, 9 қыркүйек 2015 жыл.

Еуропа комиссиясының төрағасы Жан-Клод Юнкер бүгін Страсбургте еуропарламентте Еуропаға келіп жатқан мигранттар мәселесін шешу жоспарын таныстырды. Ол жоспарында Грекия, Венгрия мен Италияда орналасқан 160 мыңға жуық мигрантты Еуропа Одағы елдері арасында бөлу туралы ұсыныс жасады. Юнкер жоспарын 14 қыркүйекте өтетін Еуропа Одағы елдері ішкі істер министрлерінің кездесуінде қолдауға шақырды.

Ең көп мигрант қабылдайды деп саналатын Германия мигранттарды квотамен бөлу ұсынысын қолдады. Бірақ мигранттардың Еуропаға сапар шегер жолында орналасқан Венгрия сияқты елдер мигранттарды қабылдауға міндеттейтін ережеге қарсы.

Юнкер биыл жыл басынан бері Еуропаға шамамен 500 мыңға таяу мигрант келгенін, олардың басым көпшілігі Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдерінен шыққанын айттты.

XS
SM
MD
LG