Accessibility links

Назарбаев: "Қазатомпром" автивін жекешелендіру керек


Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазатомпром" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиевпен кездесіп, компания активтерін жеке меншікке беру қажеттігін мәлімдеді.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев "Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жүргізілгендей жекешелендіруді батыл жүргізу керек. Компанияда тікелей міндет - уран өндіруге басымдық беріп, қалған активтерді жеке меншікке беру қажет" деген Назарбаев.

"Қазатомпром" - Қазақстандағы уран мен онымен ілесе жүретін сирек металдарды, атом электр станцияларына арналған ядролық отын экспорттайтын ұлттық компания.

XS
SM
MD
LG