Accessibility links

Пәкістанда тағы бір журналисті өлтіріп кетті


Geo TV телеарнасының технигі, қастандықтан өлген Аршад Әли Джафри.

Geo TV телеарнасының технигі, қастандықтан өлген Аршад Әли Джафри.

Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи қаласында бүгін бір журналисті өлтіріп кетті. Полицияның хабарлауынша, журналист Афтаб Аламды бүгін үйінің жанында белгісіз қарулы адамдар атып өлтірген. Журналист бірнеше телеарнада жұмыс істейтін.

Карачиде соңғы бір тәулікте осымен екінші журналиске шабуыл жасалып отыр.

Полицияның мәліметінше, 8 қыркүйек күні кешке бір топ қарулы адам Пәкістандағы ең ірі жекеменшік Geo TV телеарнасына тиесілі көлікке оқ атып, салдарынан Аршад Әли Джафри есімді бір техник қаза тауып, бір қызметкер жараланған.

Шабуылдан соң Пәкістанның журналистер одағы ақпарат құралдары саласы қызметкерлерінің қауіпсіздігін күшейтуге және шабуыл жасағандарды жедел ұстауға шақырған.

Committee to Protect Journalists ("Журналистерді қорғау комитеті") ұйымының мәліметінше, Пәкістанда 1992 жылдан бері 50-ден астам журналист қастандықтан өлген.

XS
SM
MD
LG