Accessibility links

Хаменеи: АҚШ-пен ядролық мәселеден өзге келіссөз болмайды


Иран рухани көсемі аятолла Әли Хаменей.

Иран рухани көсемі аятолла Әли Хаменей.

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи Тегеран әлемдік державалармен жасаған ядролық келісімінен өзге мәселелерде АҚШ-пен ешқандай келіссөз жүргізбейтінін мәлімдеді.

Хаменеидің ресми сайтында хабарланғандай, Иран көсемі Тегеранның Вашингтонмен ядролық келіссөзді "ерекше маңызды себеппен" жүргізгенін айтқан.

"Біз америкалықтармен өзге мәселелерде келіссөз жасауға жол бермейміз" деген Хаменеи.

Тегеран мен әлемдік алты держава 14 шілдеде Иранның ядролық бағдарламасын шектеп, есесіне бұл елге салынған санкцияларды жеңілдететін келісім жасасқан.

Хаменеи ядролық бағдарламадан өзге кез-келген мәселедегі келіссөз америкалықтарға "Иранға ықпал етіп, өз айтқанымен жүргізу құралы" болады деп санайды.

Мұның алдында Иран президенті Хассан Роухани Тегеран АҚШ-пен Сириядағы азаматтық соғысты шешу жолдарына қатысты келіссөзге дайын дегенді білдіріп, мәлімдеме жасаған еді.

XS
SM
MD
LG