Accessibility links

Қазақстандық 2 ауыр атлет Азия чемпионы атанды


Ауыр атлетика. (Көрнекі сурет)
Ауыр атлетика. (Көрнекі сурет)

Ауыр атлетикадан Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық екі спортшы жеңімпаз атанды.

77 килограмда Айдар Казов серпе және жұлқа көтеру бойынша 350 килограмм көтеріп, Азия чемпионы атанды. Екінші орын алған солтүстік кореялық Джон Менг Сонг та 350 килограмм көтерген. Алайда салмағы Казовтан ауыр болғаннан кейін ол күміс медаль иеленді. Қола жүлде таиландтық Чиннавон Чатупхумның еншісіне тиді. Ол 349 килограмм көтерді.

Бұған дейін Айдар Казов "допинг пайдаланды" деп айыпталып, екі жылға спорттан шеттетілген еді. Бұл - оның жазасын өтеп біткеннен кейін қатысқан алғашқы жарысы.

85 килограмда қазақстандық Ермек Өміртай 364 килограмды көтеріп, алтын алды. Күміс алған қытайлық Сун Вей одан бір килограмм кем көтерді. Қоланы оңтүстік кореялық Лим Юнг-Чулу иеленді - 359 килограмм.

Осыған дейін қыздар арасында Әсем Садықова мен Фаина Сыбанбаева қола медаль алған.

XS
SM
MD
LG