Accessibility links

ИМ: Норвегия және Қытай азаматтары тұтқында отыр


Сириядағы "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының туы (Көрнекі сурет).

Сириядағы "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының туы (Көрнекі сурет).

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобының содырлары Норвегия және Қытай азаматтарын тұтқында ұстап отырғандарын мәлімдеп, оларды босату үшін ақша талап етті.

Содырлар сарғыш түрме киімінде отырған екі ер адамның суретін өздерінің "Дабик" онлайн журналдарында жариялады. Онда 48 жастағы норвег Оле Йохан Гримсгард-Офстад Осладан екені, ал 50 жастағы қытайлық Фан Йинги Пекиннен екені көрсетілген. ИМ мүшелері хабарламада олар үшін қанша сома қаржы талап етіп отырғандарын да көрсеткен.

Норвегия премьер-министрі Эрна Солберг Сирияда террористер ел азаматын тұтқында ұстап отырғанын растады. Ол норвегиялық ер адам қаңтарда тұтқынға түскенін айтты.

Солберг өз сөзінде "Біз берілмейміз және террористердің қысымынан қорықпаймыз. Олар талап еткен қаржыны бермейміз" деп мәлімдеді. Ал Қытай үкіметі әзірге түсінік берген жоқ.

XS
SM
MD
LG