Accessibility links

Дания Германиямен пойыз қатынасын тоқтатты


Германиядағы теміржол вокзалындағы сириялық босқындар (Көрнекі сурет).
Германиядағы теміржол вокзалындағы сириялық босқындар (Көрнекі сурет).

Дания темір жол компаниясы Германияға шығатын және келетін барлық пойыздардың қозғалысына шектеу қойылды. Шектеу қай уақытта алынатыны белгісіз.

Дат үкіметі Еуропаға келіп жатқан босқындардан қауіптенеді. Ал босқындар Дания территориясы арқылы Швецияға өтуді жоспарлайды. Германиямен пойыз арқылы Швецияға бара жатқан босқындар Дания шекарасында тіркеуден өтуден бас тартып, пойыздан түспей қойған. Босқындар Данияда тіркеуден өту процесінен кейін Швецияға жібермей қояды деп қауіптенеді.

Осы аптада Дания үкіметі босқындар елге аз келу үшін оларға көрсетілетін барлық әлеуметтік көмекті тоқтатып тастады.

XS
SM
MD
LG