Accessibility links

Ирак премьері 123 шенеунікті жұмыстан босатты


Ирак билігіндегі жемқорлыққа қарсы шеру. (Көрнекі сурет)
Ирак билігіндегі жемқорлыққа қарсы шеру. (Көрнекі сурет)

Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади коррупциямен күресте сылбырттық танытып, үкіметте дұрыс жұмыс істемегені үшін 123 шенеунікті жұмыстан босатқаны туралы қыркүйектің 9-ы күні мәлімдеген.

Абади жұмыстан босатылған шенеуніктердің бір бөлігі зейнеткерлікке шығатынын айтқан. Бірақ ол нақты қай ведомствалар қызметкерлері жұмыстан кеткенін нақтылаған жоқ.

Өткен айда Иракта бірнеше қалада биліктегі коррупцияға қарсы шерулер өткеннен кейін премьер Абади елде бірқатар реформалар жасайтынын, үкіметте қысқарту болатынын айтқан еді.

Атап айтқанда Абади үш вице-президент пен үш вице-премьер қызметін, министрлер санын, сонымен бірге саясаткерлерді қорғау кызметіне жұмсалатын шығынды қысқартқан. Бұған қоса премьер елде партия және діни ұйымдары мүшелеріне бөлінген квота негізінде қызметке тағайындау жүйесін де жойған. Ондай жүйеге қарсылар көп жағдайда жауапты қызметтерге біліксіз кандидаттар тағайындалады деп сынаған еді.

XS
SM
MD
LG