Accessibility links

"Әл-Қаида" лидері ИМ-ді әріптес санайды


"Әл-Қаида" террористік ұйымының лидері Айман әл-Зауахири.

"Әл-Қаида" террористік ұйымының лидері Айман әл-Зауахири.

«Әл-Қаида» террористік ұйымының лидері Айман әл-Зауахири «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобын мойындамайтынын, бірақ мұсылмандар «Сирия мен Ирактағы батыс әскеріне қарсы күресу үшін ИМ құрамына кіру керектігін» мәлімдеген.

9 қыркүйекте интернетте жарияланған аудиожазбада Зауахири ИМ лидері Әбу Бакр әл-Бағдадиге қарата: «біз Әбу Бакр әл-Бағдади құрған халифатты мойындамаймыз» деген.

Былтыр ИМ Сирия мен Ирактың біраз территориясын басып алып, халифат құратындарын мәлімдеген. ИМ содырлары Сирия мен Ирактағы кейбір мұнай өндіретін орындарды басып алған.

Зауахири өз мәлімдемесінде «ИМ жасап жатқан қателіктерге қарамастан Ирак пен Сириядағы батыс әскерін, шииттер және христиандарды өлтіру үшін бірігер едік» деген.

XS
SM
MD
LG