Accessibility links

Ақтөбеде "терроризмді насихаттаған" тұрғын сотталды


WhatsApp қосымшасы. (Көрнекі сурет)
WhatsApp қосымшасы. (Көрнекі сурет)

Ақтөбе облысында жергілікті тұрғын терроризм мен экстремизмді насихаттады деген айыппен бес жылға сотталды деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Соттың мәліметінше, 35 жастағы Бақтияр Юсуповке үкім 26 тамызда шыққан. Үкім ертең күшіне енеді.

Тергеу мәліметтері бойынша, Юсупов WhatsApp хат-хабар алмасу қосымшасында "Садақа - оттан қорғайтын қорған" деп аталатын чат құрып, оған 50-ден астам адамды кіргізген. Тергеушілер Юсупов чатта видео және аудио үндеулер жариялап отырған. Сараптамада чатта жарияланған материалдарда "терроризмді жария түрде насихаттау" белгілері бары анықталған.

Сот Юсупов өзіне тағылған айыпты мойындады дейді. Сот бұған қоса Юсуповтың чатқа материалдар жариялаған телефонын жоюға үкім еткен.

Тамыздың басында Ақтөбе облысында осыған ұқсас айыппен жергілікті сегіз тұрғын әр түрлі мерзімге сотталған.

XS
SM
MD
LG