Accessibility links

Жапонияда су тасқынынан мыңдаған адам үйін тастап кетті


Жапониядағы дауыл. (Көрнекі сурет)
Жапониядағы дауыл. (Көрнекі сурет)

Жапонияның солтүстік-шығысында нөсер жауыннан болған су тасқыны мен көшкіннен 90 мыңға жуық адам үйін тастап кетті.

Екі күн толассыз жауған жауыннан 10 қыркүйек күні таңертең Кинугава өзені арнасынан асып, су Токионың солтүстігіндегі Иосо қаласына қарай жайыла бастаған.

Жергілікті телеарналардың хабарларында тікұшақтардың үйлерінің шатырына шығып алған тұрғындарды алып кетіп жатқаны, көліктер мен үйлерді су басқаны көрінеді.

Нөсер жауын тропикалық Этау дауылынан соң басталған. Дауылдан Жапонияның орталық аудандарында 15 адам жараланған.

XS
SM
MD
LG