Accessibility links

Ресейде Құранға қатысты сот шешіміне наразылық танытты


Шешенстан президенті Рамзан Қадыров.
Шешенстан президенті Рамзан Қадыров.

Ресейде ислам діні жайлы кітапқа қатысты шыққан сот үкіміне наразылық таныта бастады.

Қиыр Шығыстағы Южно-Сахалинск қаласының судьясы Наталья Перченко тамыз айында "Мольба к богу: ее назначение и место в Исламе" деп аталатын кітапқа ""экстремистік Құраннан" үзінділер бар деп тыйым салған.

Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы Нафигулла Аширов бүгін тыйым салу "Ресей беделіне нұқсан келтіретінін" айтып, кеңес сот шешіміне шағымданатынын мәлімдеді.

Кеше Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров судьяның шешімін "Ресей мен одан тысқары жерлерде жаппай наразылық танытуға себеп болатын арандатушылық" деп, сынаған.

Южно-Сахалинск қаласының соты Александр Чухрай бүгін сот шешім шығарғанда "қателескен болуы мүмкін" деп мәлімдеген.

2013 жылы Ресей соты Құранды аударуға тыйым салып, кейін ол мұсылман дін жетекшілерінің наразылығымен күшін жойған.

XS
SM
MD
LG