Accessibility links

Берлинде Ленин ескерткішін мұражайға қоймақ


Жұмысшылар Ленин ескерткішінің бас бөлігін қайта қазып алып, жүк көлігіне тиеп жатыр. Германия, 10 қыркүйек 2015 жыл.
Жұмысшылар Ленин ескерткішінің бас бөлігін қайта қазып алып, жүк көлігіне тиеп жатыр. Германия, 10 қыркүйек 2015 жыл.

Германия билігі Берлин маңындағы орманннан большевиктер көсемі Владимир Лениннің граниттен жасалған ескерткішінің бас бөлігін қайта қазып алды.

Жұмысшылар бүгін үш жарым тонна болатын ескерткішті жүк көлігіне кранмен тиеді.

1,7 метрлік ескерткіш Қайта өрлеу дәуіріндегі цитадельде ашылған "Берлин мен оның ескерткіштері" деп аталатын мұражайға қойылады.

Лениннің тұтас ескерткіші бір кездері Шығыс Берлиндегі Ленинплатц деп аталатын алаңда тұрған.

Берлин қабырғасы құлағаннан кейін, 1991 жылы біріккен Шығыс Берлин мен Батыс Берлиннің алғашқы мэрі Эденбард Дипген қаланы "диктаторлықтан қалған белгілерден" арылту үшін ескерткішті алдыртып тастаған. Ескерткіш бөлшектеніп, орманға көмілген.

XS
SM
MD
LG