Accessibility links

Беларусь президенті сайлауына 4 үміткер тіркелді


Беларусь президенті, президенттікке кандидат Александр Лукашенко.

Беларусь президенті, президенттікке кандидат Александр Лукашенко.

Беларусь орталық сайлау комиссиясы 11 қазанда өтетін президент сайлауына төрт үміткерді тіркеді.

Президенттіке тіркелгендер қатарында алғашқы әйел үміткер, оппозицияшыл "Говори Правду" бірлестігінің белсендісі Татьяна Караткевич бар. Қалған үш үміткер - Либерал-демократиялық партия жетекшісі Сергей Гайдукевич, Беларусь патриоттар партиясының жетекшісі Николай Улахович пен қазіргі президент Александр Лукашенко.

Сайлау комиссиясы президенттікке түсуге өтініш берген қалған екі адам - Виктор Терещенко мен Жанна Рамановскаяны "тіркеуге қажет өзін қолдайтын 100 мың адамның қолын жинай алмағандықтан" тіркелмеді дейді.

Александр Лукашенко Беларусьті 1994 жылдан бері басқарып келеді. 2010 жылдың желтоқсанында өткен соңғы президент сайлауында оппозицияшыл кейбір кандидаттар дауыс беру нәтижелері бұрмаланды деп наразылық танытқан. Шерушілер мен полиция арасында қақтығыс болып, бірнеше белсенді мен кандидат сотталған.

XS
SM
MD
LG