Accessibility links

Еуропарламент: Баку Хадиджа Исмайылды босатсын


Әзербайжан журналисі Хадиджа Исмайыл.
Әзербайжан журналисі Хадиджа Исмайыл.

Еуропа парламентінің депутаттары бүгін қамаудағы Әзербайжан журналисі Хадиджа Исмайылды және әзербайжандық белсенділерді, құқық қорғаушыларды дереу, ешқандай шартсыз босатуды талап еткен қарар қабылдады.

Азаттықтың Әзербайжан редакциясының тілшісі, осы ел билігіндегі коррупцияны әшкерелеген мақалалар жариялаған Исмайыл 1 қыркүйекте жеті жарым жылға сотталған.

Қарар Еуропа Одағы билігін "Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен оның отбасы мүшелерінің коррупциялық қылмыстарға қатысы бары туралы айыпты мұқият тексеруге" шақырады. Құжат бұған қоса Еуропа комиссиясы мен Еуропа Одағы елдерін Бакудің Әзербайжандағы азаматтық қоғамға қатысты ұстанымына "қатаң шаралар қолдануға" шақырады. Еуропа парламенті қарарында Әзербайжандағы "саяси қуғын-сүргінге қатысы бар барлық саясаткерлер, билік пен сот органдары өкілдеріне виза беруді шектеу және санкция салу" туралы ұсыныс та бар.

Құжатты оңшыл Еуропа халықтық партиясынан өзге барлық партиялардың өкілдері қолдаған.

Исмайылға "салықтан жалтарды", заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты" және "қызмет өкілетін теріс пайдаланды" деген айыптар тағылған. Журналист өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, қылмыстық істі "саяси кек алу мақсатында ұйымдастырылған деп" санайды.

XS
SM
MD
LG