Accessibility links

Немцов пен Савченконы Сахаров сыйлығына ұсынды


Ресейлік оппозицияшыл саясаткер Борис Немцов (оң жақта) пен украиналық ұшқыш Надежда Савченко.

Ресейлік оппозицияшыл саясаткер Борис Немцов (оң жақта) пен украиналық ұшқыш Надежда Савченко.

Ресейдің оппозицияшыл саясаткері Борис Немцов пен Ресейде қамауда отырған Украина парламентінің депутаты, ұшқыш Надежда Савченко 2015 жылғы Сахаров сыйлығына ұсынылды.

Еуропа парламенті тағайындаған, 50 мың еуро ақшалай жүлдесі бар сыйлық жыл сайын адам құқығы мен ой-пікір еркіндігін қорғауға үлкен үлес қосқан адамдарға немесе ұйымдарға беріледі.

Ресей оппозициясының жетекшісі, бұрынғы вице-премьер Немцовты биыл ақпанда Мәскеудің орталығында атып өлтіріп кеткен. Ол Ресей президенті Владимир Путинді өткір сынайтын.

Савченко өзін 2014 жылы Украина шығысында ресейшіл сепаратистер ұстап әкетіп, Ресейге тапсырған дейді. Қазір Ресей соты оны "ресейлік журналистердің өліміне қатысы бар" деген айыппен соттап жатыр.

Сахаров сыйлығына ұсынылған өзге де үміткерлер қатарында Эдвард Сноуден, Антуан Делтур, Стефани Гибауд пен Сауд Арабиясының блогері Раиф Бадави, Сомали белсендісі Эдна Адан Исмаил бар.

Сыйлық иегері қазан айында анықталады.

XS
SM
MD
LG