Accessibility links

Еуропарламент: Минск саяси тұтқындарды ақтауы керек


Еуропарламент алдындағы Еуропа одағының туы, Страсбург. (Көрнекі сурет).

Еуропарламент алдындағы Еуропа одағының туы, Страсбург. (Көрнекі сурет).

Еуропа парламенті Беларусь билігін қамаудан босатылған саяси тұтқындарды ақтап, олардың азаматтық және саяси құқығын толық қалпына келтіруге шақырды.

10 қыркүйекте қабылдаған қарарында Еуропа Одағының (ЕО) депутаттары тамыз айында негізгі саяси тұтқындардың, оның ішінде бұрынғы президенттікке кандидат Николай Статкевичтің босатылуын жалпы қуаттайды. Бірақ еуропалық депутаттары "Беларусьтегі негізгі адам құқығы мен еркіндіктері жағдайына алаңдайтынын" білдірген.

Қарарда бұрын да саяси тұтқындарды босату сияқты "сырт көз үшін жасалған қадамдар" "я Беларусьтегі азаматтық қоғам жағдайын жақсартуға, я Минскінің ЕО-мен қарым-қатынасын жақсартуына сеп болмағаны" айтылады.

Еуропарламент депутаттары бұған қоса Минскіні қазан айында өтетін президент сайлауына оппозицияның да теңдей дәрежеде қатысуына мүмкіндік беруге шақырады.

XS
SM
MD
LG