Accessibility links

Украина мен Словакия "Солтүстік ағын-2" жобасын сынады


Украина премьер-министрі Арсений Яценюк (сол жақта) пен Словакия премьер-министрі Роберт Фицо. Братислава, 10 қыркүйек 2015 жыл.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк (сол жақта) пен Словакия премьер-министрі Роберт Фицо. Братислава, 10 қыркүйек 2015 жыл.

Украина мен Словакия премьер-министрлері Ресей газын Батыс Еуропаға тікелей тасымалдайтын "Солтүстік ағын" құбырын одан ары созу туралы таяуда жасалған келісімді сынады. Арсений Яценюк пен Роберт Фицо бүгін Братиславада кездескен.

Фицо келісімді сатқындық деп атаса, Яценюк "Солтүстік ағын-2" деп аталатын құбырды созу жоспарын "антиеуропалық және антиукраиналық" деп бағалады.

Өткен аптада Ресейдің ірі "Газпром" компаниясы мен Батыс Еуропаның бірнеше энергетикалық компаниясы құбырды Балтық теңізінің табаны арқылы Германияға дейін созу туралы келісімге қол қойған.

Яценюктің айтуынша, егер жоба іске асса Украина жылына газ тасымалынан түсетін 2 миллиард доллардан, Словакия 800 миллион доллардан қағылмақ.

Бұл құбыр жобасын Польша да сынаған.

XS
SM
MD
LG