Accessibility links

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шаралар басталды


Астанадағы Бәйтерек ескерткіші. (Көрнекі сурет)

Астанадағы Бәйтерек ескерткіші. (Көрнекі сурет)

Бүгін Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мәдени және спорттық іс-шаралар басталды.

Таңертеңгі сағат10-да «Қазақстанның көне қалалары» мәдени шарасы ашылды. Бағдарлама бойынша, арқан тарту, асық ату, бұқа тартыс сияқты сайыстар өткізіледі.

Шараға Қазақстанның барлық облыстарынан өнерпаздар мен спортшылар қатысып жатыр.

Бүгінгі мерекелік шара барысында балалар гала-концерті, «Сиқырлы тұлпар үстінде саяхат» театрландырылған қойылым және «Ғасырлар үні» концерті де өтпекші.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мәдени және спорттық іс-шаралар кешкі сағат сегізге дейін жалғасады.

XS
SM
MD
LG