Accessibility links

Шымбұлақ аспалы жолы жөндеуге жабылады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Шымбұлақтағы аспалы жолдар 28 қыркүйектен бастап қысқы маусым алдындағы жөндеу жұмыстарына жабылады. Бұл туралы курорттың ресми сайтында хабарланған.

Медеу мұз айдынынан Шымбұлаққа дейінгі аспалы жол 23 қарашаға дейін жабылса, Талғар шатқалына апаратын «Комби-1» және «Комби-2» аспалы жолдары 30 қарашаға дейін жұмыс істемейді.

Шымбұлақ тау шаңғысы курорты Іле-Алатауы ұлттық паркінің территориясында орналасқан. Жаңа аспалы жолдар 2011 жылғы қысқы Азия ойындары қарсаңында іске қосылған.

XS
SM
MD
LG