Accessibility links

Кабулде ұрланған гуманитарлық қызметкер босатылды


Ауғанстан картасы. (Көрнекі сурет)

Ауғанстан картасы. (Көрнекі сурет)

Ауғанстанда маусым айында белгісіз қарулы топ ұрлап әкеткен Нидерландының гуманитарлық қызметкері босатылды. Нидерланды сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, қызметкер Аня де Бир қамауда 81 күн болған.

Аня де Бир қазір Кабулдегі Нидерланды елшілігінде. Ол БҰҰ гуманитарлық қызметтерінде 15 жылдан астам уақыт жұмыс істеген. Нидерландылық өзін ұрлайтын кезде Швецияның үкіметтік емес Helvetas ұйымында істеп жүрген.

Аня де Бир Нидерландының NOS телеарнасына ұрлап әкетушілер өзіне "жақсы қарап, тамақтан тарықтырмағанын" айтқан. Ол өзін оқшау ұстап, босатылатыны жайлы тек бірнеше сағат бұрын ғана хабарлағанын айтады.

Де Бирді 22 маусымда қарулы белгісіз төрт адам Кабулдегі кеңсесінің маңында ұрлап әкеткен. Оны кімнің ұрлағаны белгісіз болып қалды.

XS
SM
MD
LG