Accessibility links

Прокуратура: Сабақ уақытын өзгерту заңға қайшы


Астанадағы "Мирас" мектебі. (Көрнекі сурет)

Астанадағы "Мирас" мектебі. (Көрнекі сурет)

Астана қалалық прокуратурасы қалалық әкімдіктің кейбір мектептерде алғашқы ауысымда сабақты 7:40-та бастау туралы ұсынысы заңға қайшы деп мәлімдеді. Бұл жайында прокуратура сайтында хабарланды.

Прокуратура заң бойынша білім беру мекемелерінде сабақ таңғы сегізден ерте басталмауы тиіс. Құзырлы орган тексеру жасап, қалалық білім басқармасы сабақ уақытын өзгертуге шешім шығармағанын анықтаған. Қалалық прокуратура бұл ұсынысқа қоғамда наразылық туғанын ескеріп, әкімдікке заң талабын бұзуға болмайтынын ескерткен.

10 қыркүйектк Астана әкімдігі қаладағы 17 мектеп директорына сабақты сағат 7:40-та бастау туралы айтып, оны ата-аналармен талқылауды ұсынғанын хабарлаған. Әкімдік мұны "таңғы мезгілде көшеде көлік кептелісі болмауы үшін" ұсындық деп түсіндіреді.

XS
SM
MD
LG