Accessibility links

Дариға Назарбаева вице премьер-министр болды


Жаңадан тағайындалған вице премьер-министр Дариға Назарбаева.
Жаңадан тағайындалған вице премьер-министр Дариға Назарбаева.

Мәжілістің вице-спикері, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейінгі премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бүгін Ақтөбе облысына әкім болып тағайындалып кеткен. Ал Ақтөбе облысының әкімі болған Архимед Мұхамбетов Қостанай облысына әкім болған.

Дариға Назарбаева мәжілісте вице-спикерліктен өзге "Нұр Отан" партиясы фракциясына жетекшілік еткен. 2012 жылғы парламент сайлауында "Нұр Отан" партиясы атынан мәжіліске депутат болып сайланып, ондағы әлеуметтік-мәдени даму комитетінің жетекшісі болған. 2004 жылғы парламент сайлауында мәжіліске "Асар" партиясы атынан депутат болып сайланған.

XS
SM
MD
LG