Accessibility links

Наразылық танытқан экс-шенеунік 5 жылға сотталды


"Теректі мал жәрдемі" мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы директоры Иса Бекетов сотта отыр. Теректі ауданы, Батыс Қазақстан облысы, 8 қыркүйек 2015 жыл.

"Теректі мал жәрдемі" мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы директоры Иса Бекетов сотта отыр. Теректі ауданы, Батыс Қазақстан облысы, 8 қыркүйек 2015 жыл.

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының 2-соты бүгін "Теректі мал жәрдемі" мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы директоры, коррупцияға қатысты айып тағылған Иса Бекетовті бес жылға соттады.

Аудандық ветеринарлық қызметтің бұрынғы басшысы, 49 жастағы Бекетов "мемлекет қаржысын жымқырды және қызмет өкілетін теріс пайдаланды" деп айыпталған. Сот материалында Бекетов "мемлекетке бес миллионнан астам теңге шығын келтіргені" айтылады.

Сот бұған қоса Бекетовтің дүние-мүлкін тәркілеуге және 5 жыл мерзімге дейін мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге үкім етті.

Иса Бекетов бұған дейінгі сот отырысында өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, "бюджет қаржысын орнымен жұмсағанын" мәлімдеген.

2 қыркүйекте өзіне тағылған айыппен келіспейтін Бекетов Астанада жоғарғы сот және Ақорда алдында наразылық акциясын өткізіп, сотын әділ өткізуді талап еткен. Полиция ол кезде Бекетовті және Азаттық тілшісін ұстап, кейін екеуін де босатып жіберген.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

XS
SM
MD
LG