Accessibility links

KASE: Доллар бағамы 264 теңгеден асты


Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінің бірі. (Көрнекі сурет)
Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінің бірі. (Көрнекі сурет)

Қазақстан қор биржасында (KASE) бүгін кешкілік сауда бір АҚШ долларының бағамы 264 теңге 20 тиын болып, бұрын болмаған деңгейге дейін қымбаттады.

Биржада бүгін таңертеңгі сауда сессиясында доллар бағамы 252 теңге 14 тиын болған. Ал кеше кешкі сессияда бір доллар – 255,38 теңгені құраған.

Қазақстан үкіметі тамыздың 20-сы күні ұлттық валюта бағамының ауытқу шегін алып тастаған соң Қазақстан теңгесі бір күнде шамамен 30 пайызға құнсызданып, бір АҚШ долларының бағасы 198 теңгеден 255 теңгеге дейін қымбаттап кеткен еді. Кейін Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 218,61 теңгеге дейін төмендеген.

XS
SM
MD
LG