Accessibility links

Берлускони Қырымда Путинмен кездесті


Италияның бұрынғы премьері Сильвио Берлускони (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Қырым, 11 қыркүйек 2015 жыл.

Италияның бұрынғы премьері Сильвио Берлускони (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Қырым, 11 қыркүйек 2015 жыл.

Италияның бұрынғы премьері Сильвио Берлускони Ресей Украинадан аннексиялап алған Қырымда Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті.

Берлускони Қырымның курортты қаласы Ялтаға 11 қыркүйек күні "жеке сапармен" барған. Ол бұған дейінгі екі күн Сочиде болған. Берлускони Путинмен Севастополь маңындағы Қырым соғысында құрбан болғандарға қойылған ескерткіште кездесті.

Қыркүйектің 9-ы күні Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин мен Берлусконидің "ұзақ уақыттан бері іскерлік және жеке байланыс орнатқанын" айтып, жақында кездесуі мүмкін екенін хабарлаған.

Берлускони Италияға 13 қыркүйекте қайтады деп жоспарланған.

Қырымға жазда Франция парламентінің бір топ депутаты да барған.

АҚШ, Еуропа Одағы елдері мен әлемнің біраз мемлекеті Қырымды Ресейдің бөлшегі деп мойындамайды.

XS
SM
MD
LG