Accessibility links

Ресейде сайлау алдындағы "тыныштық күні" орнады


Сайлауда дауыс беруге арналған көшпелі жәшік. (Көрнекі сурет)
Сайлауда дауыс беруге арналған көшпелі жәшік. (Көрнекі сурет)

Бүгін Ресейде қыркүйектің 13-іне белгіленген бірыңғай дауыс беру күні қарсаңындағы «тыныштық күні».

Қолданыстағы заңға сәйкес, сайлауға дауыс беруге бір күн қалғанда кандидаттар мен оларды қолдайтындар үгіт-насихаттың кез-келген түрін, соның ішінде жиындар, митингілер мен өзге де шараларды, БАҚ арқылы сайлауға үгіттеу іс-шараларын жүргізбеулері тиіс.

Ресей орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, жексенбі күні елдің 83 аймағында әртүрлі деңгейдегі билік органдарына сайлаулар өтеді. Бұл сайлау елдегі дауыс беруге құқығына ие 60 миллионға жуық азаматты қамтиды деп хабарланды.

XS
SM
MD
LG