Accessibility links

Ереванда жүздеген шеруші жолды жапты


Маршал Баграмян даңғылындағы наразылық шеруіне шыққандар мен полиция. Ереван, 12 қыркүйек 2015 жыл.
Маршал Баграмян даңғылындағы наразылық шеруіне шыққандар мен полиция. Ереван, 12 қыркүйек 2015 жыл.

Қыркүйектің 11-і күні кешке Армения астанасы Ереванның орталығындағы маршал Баграмян даңғылына жүздеген адам шеруге шығып, электр қуаты бағасының қымбаттауына наразылық білдірді. Президент резиденциясына жақын жердегі Азаттық алаңында өткен қысқа митингіден соң жүздеген наразы адам даңғыл бойымен шеруге шықты. Полиция олардың жолын бөгеп, президент резиденциясына қарай жібермеуге тырысты. Шерушілер жерге отырып алып, «Баграмян – біздікі!» деп ұрандады деп хабарлайды «Интерфакс».

Белсенділер өз жақтастарын наразылыққа неғұрлым көбірек адам тартуға шақырған.

Наразылық акциясы өтіп жатқан жерге полиция күші мен арнайы техника апарылған.

Ереванда электр қуаты бағасының қымбаттауына наразылық шерулері биыл маусым айында басталған. Маусымның 23-і күні полиция шеруді күшпен таратып, 230-дан аса адамды ұстаған еді. Олардың жетеуі жарақат алған. Белсенділер бейбіт шеруге күш қолданған полиция қызметкерлерін жауапқа тартуды талап еткен.

Ереванда 11 қыркүйекте өткен наразылық шеруінен видео:

Еревандағы наразылық
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:49 0:00

XS
SM
MD
LG