Accessibility links

Айымбетовті Астана әуежайында Назарбаев қарсы алды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов Астана әуежайында. 12 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов Астана әуежайында. 12 қыркүйек 2015 жыл.

Бүгін халықаралық ғарыш станциясынан Жерге оралған қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, ресейлік ғарышкер Геннадий Падалка және даниялық астронавт Андреас Могенсен Астанаға келді.

Оларды Астана халықаралық әуежайында қарсы алғандардың арасында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та болды. Ғарышкерлер мен президент Назарбаев әуежайда БАҚ өкілдеріне шағын брифинг өткізді.

Айымбетов, Падалка мен Могенсен «Союз ТМА-16М» ғарыш кемесінің капсуласымен бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 6:51-де Жезқазған қаласынан 146 километр қашықтыққа қонған.

Бұған дейін «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі экипажы құрамында Айдын Айымбетов ресейлік ғарышкер Сергей Волков және Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Андреас Могенсенмен бірге қыркүйектің 2-і күні Байқоңырдан ғарышқа ұшқан еді. Сергей Волков халықаралық ғарыш станциясында жұмысын жалғастыруға қалды.

Айдын Айымбетов – Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері мемлекет атынан ұшырылған алғашқы ғарышкер.

Бұған дейін «Қазғарыш» ұлттық ғарыш комитеті Айдын Айымбетовтің сапарының шығыны 20 миллион АҚШ долларын құрайтынын және оны Қазақстан 2016 жылға дейін төлейтінін хабарлаған.

Айдын Айымбетов пен екі серігі Астана әуежайында:

XS
SM
MD
LG