Accessibility links

Назарбаев "Қазақ хандығының 550 жылдығы" шарасына келді


Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік шараға қатысушылар. Астана, 12 қыркүйек 2015 жыл.
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік шараға қатысушылар. Астана, 12 қыркүйек 2015 жыл.

Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік шаралар екінші күнге жалғасты деп хабарлайды Азаттық тілшілері.

Сенбі күні таңертең мереке өтіп жатқан алаңға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та келді.

Елу киіз үй тігілген алаңда Қазақстанның әр облысынан және Астана мен Алматыдан жиналған өнерпаздар концерті, қолөнершілер көрмесі мен шеберлер қолынан шыққан бұйымдар жәрмеңкесі, ойын-сауық шаралары өтіп жатыр.

Азаттық сайты Астанадағы осы мерекелік шарадан тікелей видеотрансляция жүргізді.

Мерекелік шараны тамашалауға мыңдаған Астана тұрғындары мен қала қонақтары жиналған.

Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-да осы алаңда гала-концерт басталмақшы.

Президент Назарбаевтың мерекелік шараға келуі:

Назарбаев "Қазақ хандығының 550 жылдығы" мерекелік шарасында
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:06 0:00

XS
SM
MD
LG