Accessibility links

Тәжікстанмен шекарада қырғыз азаматы жараланған


Қырғыз-тәжік шекарасы маңында. (Көрнекі сурет)
Қырғыз-тәжік шекарасы маңында. (Көрнекі сурет)

Қырғызстанның Баткен облысы Лейлек ауданындағы Раззаков елдімекеніндегі Тәжікстанмен шекарада тәжік шекарашылары Қырғызстан азаматына оқ атқан деп хабарлады Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің бұқарамен байланыс бөлімі.

Ақпаратқа сәйкес, Қырғызстан азаматы өз елінің аумағымен шекара сызығынан 10-15 метрдей қашықтықта жүк автокөлігімен келе жатқанда тәжікстандық шекарашылар оған тоқтауды бұйырған. Бұйрыққа бағынбаған қырғыз азаматына тәжік шекарашылары оқ атып, салдарынан қырғыз азаматы сол жақ жамбас тұсынан жеңіл жараланған.

Оқиға болған жерге келген қырғыз шекарашылары жаралыға алғашқы дәрігерлік көмек көрсеткен соң оны ауруханаға жеткізген. Қырғызстан азаматының жағдайы қанағаттанарлық деп хабарланды.

Бұл оқыс оқиғаны Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары бүгін болған кездесуде талқылаған.

XS
SM
MD
LG