Accessibility links

Назарбаев Сауд Арабиясы короліне көңіл айтты


Кран құлаған Әл-Харам мешітінде. Мекке, 12 қыркүйек 2015 жыл.

Кран құлаған Әл-Харам мешітінде. Мекке, 12 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мекке қаласында Әл-Харам мешітінде болған қайғылы оқиғаға байланысты Сауд Арабиясының королі Салман ибн Абдел Азиз әл-Саудқа көңіл айтып жеделхат жолдады деп хабарлады бүгін Ақорда баспасөз қызметі.

«Жеделхатта мемлекет басшысы көптеген адам қаза тауып, жарақат алған қайғылы оқиға туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған» делінген ресми ақпаратта.

Назарбаев жеке өзі мен Қазақстан халқы атынан жақындарынан айрылған отбасыларға көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген.

Бұған дейін Сауд Арабиясы билігі Меккедегі Әл-Харам мешітінде жұма күні құрылыс краны құлауы салдарынан 107 адам мерт болып, екі жүзден аса адам жараланғанын хабарлаған еді. Оқиға болған күні Меккеде қатты жел тұрғаны айтылады.

XS
SM
MD
LG