Accessibility links

Баку: Еурокомиссия делегациясын қабылдамаймыз


Әзербайжан президенті Илхам Әлиев пен зайыбы Мехрибан Әлиева. Баку, 7 қазан 2011 жыл.
Әзербайжан президенті Илхам Әлиев пен зайыбы Мехрибан Әлиева. Баку, 7 қазан 2011 жыл.

Еуропалық комиссияның стратегиялық әріптестік туралы келісімнің егжей-тегжейін талқылау үшін Бакуге келесі аптаға жоспарлаған сапары Әзербайжан тарапынан өзгертілді. Оған Еуропа парламентінің қыркүйектің 10-ы күні қабылдаған қарары себеп болған. Бұл туралы Әзербайжан сыртқы істер министрлігі хабарламасында айтылған.

«Жалпы біз анти-әзербайжандық және анти-исламдық үрдістер белең алған Еуропа Одағымен қарым-қатынасымызды қайта қарауға тиіспіз» делінген ресми ақпаратта.

Халықаралық демократиялық ұйымдар президент Илхам Әлиевтің үкіметін азаматтық қоғамға қарсы қысымды жалғастырып отырғаны үшін сынаған. Батыс елдері жақында Азаттықтың Әзербайжан қызметінің журналисі Хадиджа Исмайыл мен ерлі-зайыпты құқыққорғаушылар Лейла және Ариф Юнустың түрме жазасына кесілуіне байланысты алаңдаушылық білдірген.

XS
SM
MD
LG